Текст
Мектепке дейінгі ұйымдардың меңгерушілері қалалық қоғамдастығының "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету-өзгерістер, толықтырулар, жаңашылдық" тақырыбында №4 "Еркемай" балабақшасы қалалық семинар өткізді. Семинар барысында педагогикалық әдеп, педагог мәртебесі сондай-ақ, педагог қызметкерлер мен оларға теңістірілген тұлғаларды аттестаттау ережелері мен шарттары туралы мәселелер талқыланды. Аталған семинардың спикерлері меңгерушілердің қалалық қоғамдастығының басшысы Каппасова А.И., Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы №4 "Еркемай" балабақшасы МКҚК меңгерушісі Ж.К. Маженова, Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы №3 "Ертөстік" балабақшасы МКҚК меңгерушісі Т.Н. Светличная болды.