Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мына бағытта бойынша жүзеге асты:
1) Балабақша қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) Балабақшаның ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Мектепке дейінгі ұйымда ақша жинауды болдырмау, балабақшамен қоштасу, мерекелерде, мұғалімдерге сыйлыққа ата-аналардан ақша жинамау шаралары үнемі қатаң қадағалануда. Балабақшада «Құрметті ата-аналар ақша жинауға тиым салынады» деген сөздер көрнекі стендке ілінді.
«Мемлекеттік қызметтерді алушылардың құқықтары», «Пара беру - бас бостаныдығынан және болашағынан айырады», «Пара берсең жазаланасың!», және «Параға емес, биікке ұмтыл» тақырыптарымен халық арасында насихаттау және түсіндіру мақсатындағы кезекті даярланған жадынама үлгілері таратылды. Жадынамаларды көрнекі жерге орналастыру тапсырмалары орындалып балабақша дәлізіне «Сыбайлас жемқорлықпен қарсы-басты міндет» тақырыбындағы стендке ілінді.
Қазақстан Республикасы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тапсырмасына сәйкес «Адалдық сағаты» ұйымдастырылып өткізілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасының түсіндірілуі, насихаттау жұмысының барысы балабақша әкімшілігі жиналысында мәселе ретінде талқыланып қаралады. Сыбайлас жемқорлық сипатындағы фактілерге жол бермеу мақсатында педагог қызметкерлер мен ата-аналардың құқықтық сауаттылығын арттыру жолға қойылған.
Балабақшада сыбайлас жемқорлық құқық бұқушылық жасауға мүмкіндік туғызатын ықпал ететін тәуекелдер анықталмады.