«Ақмола облысы білім басқарамасының Көкшетау қаласы бойынша
білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Еркемай» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
қызметін өзін – өзі бағалауы
Ақпараттық анықтама
Мекеменің атауы |
«Ақмола облысы білім басқарамасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Еркемай» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
|
Құрылтайшы |
«Ақмола облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі |
Б басшысы |
Меңгеруші: Сағила Баймурзаевна Байкенова |
Заңды мекен-жайы: |
020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Байкен Ашимова көшесі 137
|
Телефон: Меңгеруші: |
8-(716)2-25-02-49, 51-40-50 8-7011278676 |
Электрондық почта: |
Erkemai_2010@mail.kz |
Балабақша сайты |
0013.kokshetau.aqmoedu.kz/cp |
Балабақша инстаграмы |
berkemai2013 |
НОБД |
_2010@mail.kz |
Интернет жылдамдығы |
20 Мб/с |
Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Еркемай» балабақшасының жұмыс уақыты |
Жалпы топтар сағат 08.00-ден 18.30-ға дейін, санаторлық топтар сағат 08.00-ден 18.30-ге дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, бес күндік жұмыс аптасы.
|
Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Еркемай» балабақшаның құрылған күні |
01.12. 2010 жылы |
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі |
БИН: 1011400016489 |
Жобалық қуаты |
277 орын |
Алғашқы тіркелген күні |
21.10.2014ж. |
Материалды-техникалық базасының мінездемесі
|
Ғимарат - 2 қабатты, типтік Жалпы ауданы – 1604,4 ш.м. Жылу беру жүйесі – орталықтандырылған Сумен жабдықтау – орталықтандырылған Канализация – орталықтандырылған |
Балабақшаның ақпараттандыру құралдары |
Компьютер -22 Интерактивті тақта – 1 Проектор – 1 Тачпанель-1 |
Балабақшада |
Меңгеруші кабинеті, әдістемелік кабинет, медициналық бөлме, музыка залы, психолог, дефектолог кабинеттері, кеңес беру бөлмесі бар. Балабақша ауласында 12 топқа бөлінген жеке телімдері бар. Әр топ телімі балалардың жас ерекшеліктеріне сай қажетті құралдармен жабдықталған. Жабдықталған денешынықтыру алаңы бар. |
Сабақтастық |
|
№3 «Мәлік Ғабдуллин атындағы » мектебі |
Мектепалды даярлық пен бастауыш сынып арасындағы сабақтастық |
Каз КТК колледжжі |
Мектепке дейінгі ұйым тәрбиеші мамандығының және логопед мамандығына оқып жатқан студенттері тәжірибелік практикадан өтеді. |
№5 көпсалалы «Таңдау» гимназия мектебі |
Мектепалды даярлық пен бастауыш сынып арасындағы сабақтастық |
Қосымша ақпарат |
Экологиялық тәрбие мен салауатты өмір салтын қалыптастыру. |
«Еркемай» балабақшасында 12 топ бар, соның ішінде 1 – санаторлық, 1 - логопед, 4 - мектепалды соның ішінде 1- орыс тілінде 6- ересек тобы соның ішінде 1- орыс тілінде бар.
Балалармен тәрбие және оқыту жұмыстары қазақ тілінде жүреді. Мектепке дейінгі топ тәрбиешілері күні бойы тобындағы күн тәртібіне сәйкес түрлі педагогикалық қызметті іске асырады: таңертеңгі қабылдау, ертеңгілік жаттығу, балалармен қарым-қатынас жасау, серуендеу, тамақтану, күндізгі ұйқы, гигиеналық және шынықтыру шаралары, еңбек, сюжеттік-рөлдік, шығармашылық, дидактикалық және қимылды ойындар, ата-аналармен, жеке балалармен жұмыс, сонымен қатар ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері.
«Еркемай» балабақшасы - мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына; мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларына; мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес тәрбие мен білім беру қызметін жүзеге асырады.
Оқу-тәрбие жұмысы:
Балабақшасы тәрбиелеу мен оқыту процесі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығы мен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына; Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022жылғы 31тамыздағы №385 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидаларына; «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік бағдарламасын бекіту туралы» 2022 жылғы14 қазандағы №422 бұйрығына, «Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» 2022жылғы 09 қыркүйектегі №394 бұйрығына, Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдарында 2022-2023 оқу жылында тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру туралы нұсқау хатына сәйкес жүзеге асырылды.
Балабақшада тәрбиелеу-білім беру үрдісі мектепке дейінгі арналған жалпы білім беру бағдарламалары» бойынша негізінде жүзеге асырады.
Бағдарлама балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескеріп, оларды жан-жақты дамытуға бағытталған және білім беру мазмұнын кіріктіру арқылы іске асырады.
Балабақшада балалардың өмірі мен денсаулықтарын сақтау балабақша қызметінің негізгі міндеттерінің бірі. Осы міндетті жүзеге асыру үшін балабақшада бірқатар жұмыстар жүзеге асырылады.
Балабақшада салауатты өмір салтын ұйымдастыру дене шынықтыру ҰІӘ, күні бойы жоспарлы түрде жүзеге асырылатын режимдік сәттер, сонымен қатар арнайы жоспарланған денсаулық күндері, дене шынықтыру сауық кештері, дене шынықтыру мерекелері негізінде ұйымдастырылады. Талаптар мен ережеге сай ұйымдастырылған режимдік сәттер күнделікті күн тәртібі негізінде сапалы жүзеге асырылады.
Қимыл, коммуникативтік, танымдық, шығармашылық, әлеуметтік білім, білік, дағдыларын, өз бетінше үйрену дағдыларын, сонымен бірге аталған білім, білік, дағдыларды ерте жастағы балаларда қалыптастыруда балабақшада ортаңғы топтармен жұмыс жасап жатырмыз. Топтарда жас ерекшеліктеріне сәйкес, заттық дамытушылық орта құрылған.Ортаңғы топтың тәрбиеленушілеріне жан-жақты дамуына жағдай жасалған. Оқу, тәрбие жұмысы мемлекеттік стандартқа, үлгілік оқу бағдарламасына, оқу жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі.
Оқу-тәрбие үрдісін психологиялық сүйемелдеудің басты мақсаты:
Балалардың толыққанды психологиялық дамуы және психологиялық денсаулығын сақтау; барлық мектепке дейінгі балалық шақтағы жеке ерекшеліктерін ескере отырып, әр баланың жеке басын оң қабылдау.
Жұмыс бағыттары:
-баланың эмоционалды-еріктік, танымдық саласын дамыту;
-баланың коммуникативтік саласын дамыту, қарым-қатынастың бұзылу себептерін жою;
-эмоционалды саланың үйлесімсіз дамуын түзету (мазасыздық, балалардың қорқынышы, агрессивтілік, өзін-өзі бағалаудың төмендігі, гиперактивтілік және т. б.);
МДҰ педагогтары мен ата-аналардың психологиялық-педагогикалық білімін, балалардың танымдық, эмоционалды дамуының әртүрлі нұсқалары және мектеп жасына дейінгі балалардың қиындықтарын жеңу мүмкіндіктері туралы кеңейту.
Балабақшамен мен отбасының өзара байланысын неғұрлым тығыз байланыс арқылы жүзеге асыру; бірлескен жұмысты балалардың психикалық дамуы мен жеке басының қалыптасуына бағыттау.
Жұмыстың негізгі бағыттары:
- психодиагностикалық
- түзету-дамытушылық
- психологиялық кеңес беру
- ұйымдастыру-әдістемелік
Балалармен түзету-дамыту жұмыстары жүргізіледі
Түзету-дамыту жұмыстары үшін топтарды қалыптастыру
Балалардың қарым-қатынас, тұлғааралық қарым-қатынас және эмоционалдық саласын дамытуға бағытталған ойындар мен жаттығулар беру.
Балалармен жеке түзету сабақтарын балалар іс-әрекетінің келесі түрлері негізінде құрылады: ойын, өнімді, оқу.
Балабақшаға келген балалармен бейімдеу жұмыстарын жүргізу
Көп жағдайда баланың балабақшаға жаңа келуі оның жаңа жағдайларға бейімделу проблемасымен бірге жүреді. Балада балабақшаға теріс көзқарастың пайда болуы оның отбасынан "шығуға" психологиялық дайын болмауының тікелей салдары болып табылады. Бұл мәселе өте маңызды. Балабақшада бейімделу кезеңінің алдын алу үшін келесі іс-шаралар өткізіледі:
-балабақшаға келгенге дейін ата-аналармен жеке әңгімелесу жүргізу;
-топтық жиналыстар;
-әр баланың жеке бейімделуін болжауға және ата-аналар мен топ тәрбиешілері арасында балаға қатысты дұрыс мінез-құлық моделін жасауға мүмкіндік беретін ата-аналардың сауалнамасы;
-әр балаға бейімделу кезеңінде балабақшаға барудың жеке режимін құру;
-бейімдеу кезеңін ұйымдастыру бойынша тәрбиешілерге, ата-аналарға ұсыныстар жасау;
Мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты толық
психикалық дамуын қамтамасыз ету және сақтау – балалардың
психологиялық денсаулық нығайту. Психологиялық проблемаларды шешуде және оқу-тәрбие жұмыстарының қолайлы әдістерін таңдауда ата-аналар мен педагогтерге консультациялық көмек көрсету. Білім алушылардың тұлғасын психологиялық- педагогикалық зерделеу негізінде әрбір білім алушыға жеке тұрғыдан ықпал ету. Психологиялық диагностиканы жүргізу және білім алушылардың шығармашылығын дамыту. Психологиялық қиыншылықтар мен білім алушылардың проблемаларын шешу бойынша психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асыру. Балабақша педагогтарымен, ата-аналармен тығыз қарым-қатынаста болу.
Мектеп жасына дейінгі балалар үшін жаңа мектеп жағдайларына бейімделу процесі, ойыннан оқу іс-әрекетіне көшу, "мен оқушымын!" деу, өте қиын. Алғашқы кезде тіпті дайындалған балалар да қиындықтарға тап болады. Балаларға жаңа мектеп жағдайларына бейімделуге көмектесу үшін балабақша мектеппен бірге іс-шаралар, ата-аналарға арналған кеңестер, мерекелер, жарыстар, ойын-сауық кештерін өткізеді. Балалардың мектепке дайындық ерекшеліктерін уақтылы анықтау ата-аналарға, тәрбиешілерге баланы мектепке баруға қалай жақсы дайындау керектігі туралы практикалық ұсыныстар беруге, дұрыс жеке көзқарас табуға мүмкіндік береді. Осы мақсатта балабақшада танымдық процестердің даму деңгейін анықтауға, баланың мектепке дайындығына жан-жақты психологиялық-педагогикалық тексеру құрылды, ол әр баламен жеке жүргізіледі. Мектепке дайындық топтары балаларының психикалық дамуын жүйелі тексеру жылына екі рет: оқу жылының басында және соңында. Желтоқсанда – түзету жұмыстарын жүргізу қорытындылары бойынша аралық диагностика жүргізіледі. Сонымен қатар, ата-аналар мен тәрбиешілер үшін практикалық кеңестер мен сауалнамалар өткізіледі. Балалардың эмоционалды-позитивті қатынастарды дамытуға, топтың микроклиматын жақсартуға, ата-аналармен сенімді қарым-қатынас орнатуға ықпал ететін қарым-қатынасын диагностикалау жүргізіліледі.
Қызметкерлермен және ата-аналармен консультативтік және диагностикалық жұмыс жүргізіледі: ата-аналар жиналыстары, сауалнамалар, тренингтер, әңгімелесу, кеңес беру.
Қорытынды: оқу процесін психологиялық қолдаудың оң нәтижелерін қарастыруға болады:
ата-аналардың, қызметкерлердің балабақша мен отбасының бірлескен қызметіне қызығушылығын арттыру, топ, балабақша өміріндегі белсенділікті арттыру;
мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселелерінде балабақша мен отбасының сенімді іскерлік қатынастарын, ынтымақтастығын және әріптестігін әзірлеу;
Балалардың мектепке дайындық деңгейін арттыру, коммуникативтік дағдыларды, балалардың әлеуметтік белсенділігін дамыту.
Балалардың жыл бойы алған білімдерін педагог-психолог М.О.Тойлыбаева Керн Йирасектің методикасы бойынша интеллектуалдық бағытын анықтау және жеке тұлғалық даярлық бағыттары жағынан мектепке дайындықтарын тексерді.
Балабақшада мектепалды топтары көп компонентті білім. Бұл психологиялық тексеруді қажет етеді. Мынадай компоненттерді бөліп көрсетуге болады.
Баланың жеке басының дайындығы. Баланың жаңа социалды ортаны қабылдай алуына дайындығы, оқуының жағдайы, оның құқығы мен міндетін білу. Бұл дайындық баланың мекпетке деген қөзқарасын көрсетеді және оқу әрекетіне мұғалімге, өзіне деген қөзқарас білдіреді. Баланың оқуға деген дайындығын, баланың, мектептің сыртына қызығушылығына емес, оның жаңа білім алуына мүмкіншілігінің болуына танымдық қызығушылығынан байқалады. Болашақ оқуы өзінің тәртібін меңгеруі, танымдық әрекетін басқара білу тиіс. Осындай баланың оқуға деген басты себептері болуы мүмкін.
Интелектуалды дайындық. Баланың дүниетанымы дамыған нақты қанша білімі бар екенін ескертеді. Баланың қабылдай білуі, үйренетін тақырыптың теориялық элементтерін білу, логикалық ойлау білу және ойын ойын еске сақтай білуі.
Қабылдау.
Аналитикалық ойлау.
Нақты қатынас жасау.
Логикалық есте сақтай.
Білімге деген қызығушылық.
Сөйлей білуі, символдарды түсіну, қолының қимыл қозғалысының дамуы.
Әлеуметтік психикалық дайындық. Басқа баламен тіл табысуы, қарым-қатынас жасауы. Жаңа ортаға келғен баланың емін-еркін қатынас жасай білуін ескерту. Психолог баланың даярлығын тексеруде әр түрлі әдіс-тәсілдер жүргізеді, Кернің тесті бойынша мектепке даярлығын тексеруге болады. Тест үш тапсырмадан тұрады.
Сурет салу - елесі бойынша.
Жазу - әріпіне ұқсап жазу.
Нүктелерді көшіріп жазу.
Диагностикадағы тапсырмалар:
Суретте қандай заттар жасырынғанын айтулары
Суреттерді салыстыру,
ертегіні, мақалдардыайтуы.
Суреттерді есіңе сақта
Тура кері санау.Жыл мезгілдері .
Құзіретілік көрсеткіштері
Қабылдауы. Зейіні. Ойлауы. Есте сақтауы. Қиялдауы.
Мектепалды даярлық топ балаларын мектепке дайындауда ата-аналармен қашықтықтан жұмыс жасау туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ата-аналар түсінушілікпен қарап, балаларды тәрбиешілермен бірге дайындауға өз үлестерін қосатынын білдірді. Ашылған чаттар арқылы тәрбиешілер бейнесабақтарын жіберіп, балалармен жұмыс жүргізді. Тәрбиешілер кері байланыс арқылы бүгінгі тақырып бойынша балалардың қаншалықты берілген тақырыптарды түсінгенін қадағалап отырды.
«Еркемай» балабақшасының мектеппен сабақтастығы
Жыл бойы «Еркемай» балабақшасы жанымызда орналасқан Көкшетау қаласының № 5 көп салалы «Таңдау» гимназия мектебімен өзара сабақтастық жүргіземіз.
Мектепалды даярлық топ балаларының мектепке даярлығының диагностикасы алынды.
Балабақша мен мектептің бірлескен жұмысының басты мақсаты - мектепке дейінгі, бастауыш мектеп жасындағы кезеңдерде баланы дамытудың бірыңғай желісін жүзеге асыру, педагогикалық процеске тұтастық, дәйекті сипат беру.
Балабақша мен мектептің педагогикалық ұжымдары көптеген жылдар бойы жемісті іскерлік қарым-қатынас орнатып келеді. Өзара бару, бақылау және педагогикалық процесті талдау дәстүрге айналды. Балабақша мен мектеп мұғалімдерінің жұмысына жалпы қызығушылық, мақсаттылық жақсы нәтижелерге әкеледі. Сонымен қатар, балалар, әдетте, тұрғылықты жері бойынша мектепке барады.
Балабақшаның педагогикалық ұжымы бірінші сыныпқа баратын балалардың ойлауды, проблемалық жағдайларды шешуді, жан-жақты дамуды, бағдарламаның негізгі пәндері бойынша сапалы білімді, психологиялық тұрғыдан үйренуі үшін бәріне жасайды.
Тәрбиешілер мектеп жасына дейінгі балалардың білімдері мен дағдыларын бағдарламаға сәйкес білім деңгейлерін мектеп мұғалімдеріне, балабақшаның әдістемелік бірлестігіне арналған ашық сабақтарда көрсетеді. Балалар қалалық байқауларға, сайыстарға, іс-шараларға белсене қатысады.
Жас ерекшеліктеріне сәйкес білім-білік дағдылары бойынша бағдарламалық материалды игеруді, білімді меңгеруге, балаларды психологиялық-педагогикалық тексеруді талдау нәтижелері бойынша қорытынды жасауға болады: балалар мектепке дейінгі дайындық бағдарламасы бойынша жақсы білім қоры бар, мектепке барады. Түлектер мектепте оқуға, мұғалімдермен, жаңа балалармен кездесуге психологиялық тұрғыдан дайын. Олар 1 қыркүйекте бірінші сынып оқушылары болатынын түсінеді және бұл оларға жаңа міндеттер жүктейді және жаңа құқықтар береді. Балалар көпшіл, өз көзқарасын білдіре алады, проблемалық мәселелерді шеше алады, құрдастарымен байланыс орната алады және т. б. Мектепалды даярлық топтарында ұйымдастырылған «Мектеп» сюжетті-рөлдік ойын бұрышы балалардың мектеп туралы білулеріне үлкен үлес қосады.
Мектепалды даярлық топ балалары үшін орта құру.
Тақырыбы: «Мен оқушы боламын»
Балабақша «Мектеп жасына дейінгі балаларды М. Монтессори жүйесі бойынша ерте дамыту «Силивон», «ТРИЗ»,» «Арттерапия»,«Денсаулық сақтау» технологиясының элементтерімен жұмыс істеп келеді.
Балабақша жұмыс жасайтын негізгі бағыты: «экологиялық тәрбиемен салауатты өмір салтын қалыптастыру» болғандықтан өз халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын балаларды жастайынан үйретіп келеміз. Балабақшасының оқу-тәрбие жұмыстарына қазақ экологиялық бағытын қолдану негізінде балалардың өз ұлтына деген саналы тәрбие берілуде.
Жылдық жұмыс жоспарында балабақшада жыл бойына жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстары жылдық міндеттерді басшылыққа ала отырып жоспарланған.
Заман талабына сай жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерімен толықтыру мақсатында материалдық базаны нығайту және жаңа технологияларды оқу үрдісіне кіргізу, технологиямен жұмыс жасап жатқан педагогтардың жұмыстарын жалғастырамыз.
2023-2024 оқу жылында тәрбиешілер мамандармен жылдық жоспарға сүйене отыра біршама жұмыстар жүргізілді.
Әр мерекеге байланысты ертеңгіліктер мен тақырыптық ұйымдастырылған іс-әрекеттер, ойын-сауық кештер, спорттық ойындар өтіп отырды.
Баланың жан-жақты дамуы, тәрбие мен оқудың негізі мектепке дейінгі ұйымдарда қаланады. Сондықтан, мектепке дейінгі білім беру саласында сапаны жақсартуға аса көңіл бөлу керек. «Ойлау негіздері, ақыл-ой мен шығармашылық қабілеттер, жаңа дағдылар бала кезден қалыптасады».
Әр педагог өзінің ҰІӘ жаңа инновациялық технологияларды, әдіс-тәсілдерді қолдануда. Ертегілерді түрлендіріп, театр түрлерін қолдануда. Балалардың жұмыстарын күнделікті көрме арқылы ата-аналарға көрсетеді. Тақырыптық, ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті, ашық есік күндері арқылы ата-аналар өз балаларының білімдерін көреді.
«Еркемай» балабақшасының 2023-2024ж.
экологиялық тәрбие берудің жылдық жоспары.
Тақырыбы: «Балаларды туған өлкенің табиғатымен таныстыру арқылы экологиялық мәдениетін қалыптастыру»
Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалар мен олардың ата-аналарына экологиялық білім ментәрбие беруге,қоғамның табиғатымен үйлесімді өмір сүру мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету.
Міндеті:
1.Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас мәселесінің маныздылығын түсінуге жетелеу.
2.Педагогтердің,балалардың, ата-аналардың экологиялық мәдениет денгейн көтеру.
3 Ата-ана мен бала қарым-қатынастарын табиғатта экологиялық дұрыс мінез-құлық пен қызығушылытық арттыру рухында қалыптастыру.
Педагогтармен жұмыс
№ |
Іс-шара тақырыбы |
Өткізу уақыты |
Жауапты |
Аяқталған нысана |
1 |
1.Жобалық жұмыстарды ұйымдастыру «Жас эколог»ұзақ мерзімді жобалық жұмыс
2 .Экологиялық бейсенбілік |
Қыркүйек Қазан |
Педагог-эколог:А.О Маймакова Тәрбиешілер, әдіскер Барлық топтар Әр бейсенбі |
Жобалық жұмыс |
2 |
1.«Біздің өлкенің табиғаты» атты терезедегі мұражай, даярлық топтар. 2.Болашақ өнімге арнап тұқым жинау Күзгі көрме «Күз кереметтері» |
Жыл бойы |
Тәрбиешілер, Педагогтар, барлық топтар тәрбиешілері, шығармашылық топ |
Көрме,фото,саит |
3 |
Тәрбиешілерге арналған кеңес «Экологиялық тәрбие берудің жолдары» |
Қараша |
Педагог-эколог: А.О Маймакова |
Кеңес |
4 |
«Жасыл шыршамызды қорғайық!» Акция бақшаішілік ұнпарақ дайындау, қабырға газеті |
Желтоқсан |
Барлық топтар Педагог-эколог: А.О Маймакова |
Акция |
5 |
«Құстарға қамқор болайық!» -тәрбиешілермен балалар ата-аналар бірлескен жұмыс, видеоролик жасау |
Қантар ақпан |
Барлық топтар Педагог-эколог: А.О Маймакова |
Видеоролик |
6 |
«Құстар біздің досымыз!» Акция үйшік, жемсалғыш өз ауласына жасау, құстарға қамқорлық көрсету |
Наурыз |
Барлық топтар Тәрбиешілері |
Тақырыптық сабақ |
7 |
«Қоқыс жерге жарамас» топтарда буклет жасау |
Сәуір, мамыр |
Барлық топтар Тәрбиешілері |
буклет |
8 |
«Ең әдемі гүл бағы»-конкрус күтіп баптау |
Маусым |
Барлық топтар |
Гүл бағы |
9 |
«Бақшамыздағы әдемі гүлдер!» Қопсыту, тазалау, суару |
Шілде тамыз |
Барлық топтар |
Гүл бағы |
Балалармен жұмыс
№ |
Іс-шара тақырыбы |
Өткізу уақыты |
Жауапты |
Аяқталған нысана |
1 |
«Күз мезгілінің ережелері» мультфильм |
Қыркүйек |
Педагог-эколог: А.О Маймакова №9№10№11 |
Фото, сайт |
2 |
1.Сурет көрмесі «Күзгі киял»
|
Қазан |
Ересек ,даярлық топтар №1,№4,№5,№7,№8,№2,№3,№6,№12 |
Көрме |
2,«Күз кереметтері» көрме табиғи материалдан жасау |
Қазан |
Ортаңғы топтар №9,№10,№11. Педагог-эколог: А.О Маймакова |
Көрме |
|
3.«Біздің бақшамыз керемет» бау-бақшадағы көкөніс жинау |
Қазан |
Барлық топтар |
Фото,сайт |
|
3 |
1.Экологиялық койылым,ертегі, экологиялық жағдаят сахналау |
Қараша |
Ересек ,даярлық топтар тәрбиешілері |
Ертегі |
2.«Біздің өлкенің табиғаты» атты терезедегі мұражай
|
Жыл бойы |
Даярлық топтар №2,№3,№6,№12 |
Мұражай |
|
4 |
1.«Тәжірибелер әлемі» ата-аналармен балалар жұмысы,бейнеролик жасау |
Желтоқсан |
Ересек,даярлық топтар №1,№4,№5,№7,№8,№2,№3,№6,№12 |
Бейнеролик интернет желісіне |
2.Аквариум балықтарын бақылау |
Жыл бойы |
Ортаңғы топтар №9№10№11 |
Бақылау |
|
5 |
1.Балабақшадағы жобаның ағымдағы жұмысының презентациясы |
Қантар ақпан |
Барлық топ тәрбиешілері |
Презентация |
2.Экологиялық викторина «Табиғат білгірлері» |
Қантар Ақпан |
Даярлық топтар №2,№3,№6,№12 |
Викторина |
|
3.«Қыс мезгілінде, құстарға қамқорлық жасайық» көректендіру |
Қантар Апан |
Ортаңғы топтар №9№10№11 |
Бақылау |
|
6 |
«Құстар біздің досымыз!» Акция үйшік,жемсалғыш өз ауласына жасау, құстарды қарсы алу, қамқорлық көрсету |
Наурыз |
Барлық топтар |
Акция |
7 |
Экологиялық апталық «Экология және біз!» Ойындар,эксперименттер, |
Сәуір, мамыр |
Барлық топ тәрбиешілері, педагогтар. Педагог-эколог: А.О Маймакова |
Видеоролик |
8 |
1.«Коршаған орта қорғау күні» -5 маусым ойын сауық 2.«Ең әдемі гүл бағы»-конкурс күтіп баптау |
Маусым |
Педагог-эколог: Маймакова А.О Тәрбиешілер, педагогтар. |
Ойын-сауық, слаид |
9 |
«Бақшамыздағы әдемі гүлдер!» Қопсыту, тазалау, суару |
Шілде тамыз |
Педагог-эколог: Маймакова А.О Тәрбиешілер, педагогтар. |
Фото,сайт |
Ата-аналармен жұмыс
№ |
Іс-шара тақырыбы |
Өткізу уақыты |
Жауапты |
Аяқталған нысана |
1 |
Сауалнама «Экологиялық тәрбие дегеніміз не?» |
Қыркүйек |
Педагог-эколог: А.О. Маймакова, даярлық топ тәрбиешілері |
Сауалнама |
2 |
Кеңес «Экологиялық күзгі ойындар» |
Қазан |
Педагог-эколог: А.О. Маймакова |
Кеңес |
3 |
«Табиғатты қорғау» ережесі |
Қараша |
Педагог-эколог: |
Кеңес |
4 |
1.«Жасыл шыршамыздықорғаймыз!» Акция бақшаішілік
|
Желтоқсан |
Педагог-эколог: А.О. Маймакова Барлық топ тәрбиешілері, педагогтер |
Қортынды Саит,фотоотчет, қабырға газеті |
5 |
«Қыс мезгілінде, құстарға қамқорлық жасайық» көректендіру |
Қантар ақпан |
Барлық топ тәрбиешілері |
Фото,бейнеролик |
6 |
Мақал-мәтел, ертегілер оқу балалармен табиғат жайында |
Наурыз |
Барлық топ тәрбиешілері,жыл бойы |
Кітаптар, картотекалар |
7 |
«Қоқыс жерге жарамас» үнпарақ |
Сәуір, мамыр |
Барлық топтар |
Үнпарақ, |
8 |
Кеңес «Жаз мезгіліндегі қауіпсіздік» ата-аналарға
|
Маусым |
Педагог-эколог: А.О. Маймакова Тәрбиешілер, медбике |
Кеңес |
9 |
1.«Ең әдемі гүл бағы»-конкурс күтіп баптау 2.«Бақшамыздағы әдемі гүлдер!» Қопсыту,тазалау,суару |
Шілде тамыз |
Педагог-эколог: А.О. Маймакова Тәрбиешілер |
Гүл бағы |
Заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны құру
Мектепке дейінгі ұйымның материалдық базасын жетілдіру бойынша жұмыс барлық жас топтары бойынша Даму бағдарламасына сәйкес жүргізіледі. Даму ортасының объектілерін ұйымдастыру және орналастыру ұтымды, қисынды және балаларға ыңғайлы, балалардың жас ерекшеліктері мен қажеттіліктеріне сәйкес келеді.
Балаларға арналған топтық үй-жайлар оқшауланған үй-жайларды (шешінетін, ойын, жатын, дәретхана); балалармен ҰІӘ өткізуге арналған мамандандырылған бөлмелер де бар:
* музыка залы;
* педагог-психолог кабинеті;
* логопед- дефектолог кабинеті;
*медбике бөлмесі.
Барлық бөлмелер САНПИН нормативтік талаптарына сәйкес келеді. Балалардың балабақшада болу шарттары үнемі жетілдіріліп отырады. Үй - жайларды ұтымды пайдалану балалардың мектепке дейінгі ұйымда болуы үшін де, оқу-тәрбие процесін толыққанды жүргізу үшін де қолайлы жағдайлар жасайды.
Жиһаздың, оқу, ойын және басқа жабдықтардың орналасуы мемлекеттік жалпыға міндетті стандартқа толық сәйкес келеді және қауіпсіздік техникасы, санитарлық-гигиеналық нормалар, балалар физиологиясы, функционалдық жайлылық қағидаттарына сәйкес келеді, бұл балаларға өздерін топта еркін сезінуге мүмкіндік береді.
Балабақшадағы пәндік-дамытушылық орта көркемдік-эстетикалық талаптарға, балалардың денсаулығын қорғауға және нығайтуға, олардың толыққанды дамуына бейімделген. Топтарда ойыншықтармен ашық, үлкен кеңістік бөлінген, заттармен ойнауға арналған бұрыштар ұйымдастырылған, сюжетті-рөлдік ойындардың бұрыштары орналастырылған (шаштараз, аурухана, дүкен, аспаз, мектеп, жол ережесі т.б). Барлық топтарда әр түрлі құрылыс жиынтықтары, мозаика, кесілген суреттер, көркем құрылысқа арналған қалдық және табиғи материалдар бар. Балалардың көркемдік және эстетикалық дамуы үшін топтарда әр түрлі іс-шараларға арналған бұрыштар бар. Олар әртүрлі материалдармен және сурет салу, жапсыру, модельдеу, қол еңбегі құралдарымен жабдықталған. Мерзімді түрде қабылдау бөлмелерінде, дәліздерде балалар жұмыстарының көрмелері (суреттер, қолөнер), сондай-ақ балалардың тәрбиешілермен және ата-аналармен бірлескен жұмыстары ұйымдастырылады. Әр баланың портфолиосы, топтың төлқұжаты бар.
Қоршаған ортаны құрайтын заттарды белсенді пайдалану (ойыншықтар, макеттер, лего, рөлдік ойындарға арналған атрибуттар, тәжірибелік бұрыштар және т.б.) балалардың бастамашылық деңгейін арттыруға, әртүрлі іс-шараларға жағдай жасауға, үй-жайларға тікелей, үй көрінісін беруге мүмкіндік береді. Әр топта ұлттық бұрыш, театрландырылған студия, денсаулық бұрышы бар. Үй-жайларды мұндай ұйымдастыру педагогикалық тұрғыдан орынды, жоғары мәдениетімен ерекшеленеді, жайлы көңіл-күй қалыптастырады, балалардың эмоционалды әл-ауқатына ықпал етеді.
Ұйымда балалармен ҰІӘ жүргізуде педагог-мамандардың жұмысы үшін заманауи ақпараттық-техникалық база құрылған:
Компьютерлер (меңгерушінің, қабылдау бөлмесінде, әдіскердің, медбикенің, педагогтардың, бухгалтердің кабинеті, барлық топтарда – Интернетке шығу).
Электрондық пошта арқылы ұйымдармен байланыс және ақпарат алмасады.
Балаларды жан-жақты дамытуда бөбекжайда теледидар, DVD, проектор,интерактивті тақта, музыкалық аппарат құралдары бар.
Балалардың денсаулығын сақтау және нығайту үшін балабақшаның ресурстары мен жағдайларын талдау және бағалау болашақ дамудың келесі басым бағыттарын анықтады:
- Баланың эмоционалдық әл-ауқатының жағдайын оңтайландыру мақсатында Санпиннің талаптарын орындау;
- баланың толыққанды әлеуметтік даму ортасын құру;
- балалардың денсаулығын жақсарту және нығайту үшін тиімді жағдайлар жасау;
- барлық жас топтары, Спорт және Музыка залы үшін ойын жабдықтарын толықтыру, бұл балалармен педагогикалық жұмыстың әртүрлі формаларын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Ауладаәр топтың учаскелері жас ерекшеліктеріне қарай топтарға бекітілген. ҰІӘ және ауада дене шынықтыру ойын-сауықтарын өткізуге арналған жеке дене шынықтыру алаңы бар. Балалардың қозғалыс белсенділігін дамыту және учаскелерде спорттық ойындар өткізу үшін жеткілікті мөлшерде шығарылатын жабдықтар бар. Учаскелерде қоршаған ортаны ұйымдастыру балаларға экологиялық тәрбие мен білім беруді қамтамасыз етеді.
Білім беру ұйымы бейнебақылаумен жабдықталған. 74 бейнебақылау камерасы бар, сыртқы – 6 камера, барлық топтарда - 56, бассейнде - 1, спорт залда - 1, музыка залында – 1, сенсорлық бөлмеде – 1, дәлізде – 8 бейнебақылау орнатылған.
Кадрлармен жүргізілген жұмысты талдау
Педагогтардың соңғы үш жылдағы құрамы келесідей:
Оқу жылы |
жалпы саны |
меңгеруші |
тәрбиешілер |
әдіскер |
педагог-психолог |
логопед |
денешынықтырунұсқаушылары |
музыка жетекшілері |
орыстілі, қазақ тілі мұғалімдері. |
Педагог-эколог |
2021-2022 |
35 |
1 |
24 |
1 |
1 |
1 |
2 |
2 |
2 |
1 |
2022-2023 |
31 |
1 |
21 |
1 |
1 |
1 |
2 |
2 |
1 |
1 |
2023-2024 |
35 |
1 |
24 |
1 |
1 |
1 |
3 |
2 |
1 |
1 |
Соңғы үш жылдағы балабақша педагогтарының аттестациядан өту көрсеткіші келесідей:
Жылы |
ІІ санат |
І санат |
Жоғары санат |
|
|
Педагог зерттеуші
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2024 ж. |
|
|
|
|
|
|
|
Педагогтар жыл сайын өз біліктілігін арттырды, оның ішінде: бірінші санатты - 3 педагог; екінші санатты – 7 педагог, Педагог-модератор - 19, педагог-сарапшы -3.
«Еркемай» балабақшасында МКҚК - да жыл бойы педагогтар кәсіби шеберліктерін арттыру, тәрбие-білім беру қызметін жетілдіру бойынша жұмыс істейді. Жыл сайын педагогтердің жинақталған материалы қалалық, облыстық деңгейде қорғаудан өтеді. Педагогтердің педагогикалық шеберлігін арттыруда педагогтардің шығармашылық тақырып бойынша жұмысы, жұмыс тәжірибесін жинақтау үлкен маңызға ие.
Педагогтардың білімі бойынша соңғы үш жылдағы мәліметтер:
2021-2022 оқу жылы |
2022-2023 оқу жылы |
2023-2024 оқу жылы |
|||
жоғары |
орта арнайы |
жоғары |
орта арнайы |
жоғары |
орта арнайы |
19 |
16 |
19 |
12 |
17 |
16 |
Балабақшада 12 топ бар 24 тәрбиеші жұмыс жасайды. Соның ішінде мектепке дейінгі білім бар -24 тәрбиеші, жоғары мектепке дейінгі білімді-17 тәрбиеші, мектепке дейінгі орта арнайы -16 тәрбиешіде, мектепке дейінгі «Балапан» қайта даярлау курсын өткен– 4 тәрбиеші. Меңгеруші: С.Б. Байкенова мектепке дейінгі ората арнаулы білімді, әдіскерлерде мектепке дейінгі жоғары білім.
№ |
Марапат атауы |
Қалалық байқау |
Қатысушылар |
1 |
Диплом ІІ дәрежелі
|
«Өнеріміз саған – Қазақстан» республикалық байқауының қалалық кезеңінде «Шебер орындаушы» 2023 ж |
№ 3 «Талап» мектепалды тобының тәрбиеленушісі Кәріғұл Әбілмансұр, Диплом ІІ дәрежелі № 6 «Қамажай» мектепалды тобының тәрбиеленушісі: Подгорская Алиса |
2 |
Диплом ІІ дәрежелі |
«Өнеріміз саған – Қазақстан» республикалық байқауының қалалық кезеңінде «Шебер орындаушы» 2023 ж |
№ 6 «Қамажай» мектепалды тобы Жетекшісі: Тасымова Асель Жаныбековна |
3 |
ІІІ орын |
«Шебер әке, өнерлі ана, еңбекқор бала |
Менкина А.Д. |
4 |
ІІІ дәрежелі диплом
|
«Robo muse» қалалық байқауының жеңімпазы |
«Еркемай» Жетекшісі: Қабеш Фариза Маратқызы |
5 |
Диплом ІІ дәрежелі
|
«Әжем, анам және мен» республикалық байқауының қалалық кезеңінде тәрбиеленушілерді отбасылық, ұлттық құндылықтарға баулу бағытында өзіндік шығармашылығы, байқау тақырыбына сәйкестігі, материалды сапалы дайындығы үшін «Үздік аналар мектебі» наминациясы бойынша 2024 ж |
Төлеген Айсана Жетекшісі: Тасымова А. Ж |
6 |
Диплом ІІI дәрежелі |
«Тәлімгер мен жас маман дуэті -2023 ж қалалық байқау» |
Толегенова Кенжегүл Сапаровна, Мұратхан Ақмарал |
7 |
Диплом ІІ орын
|
«Мен зерттеушімін» республикалық байқауының қалалық кезеңі 2023 ж |
1.Құсайнова Саяжан. 2. Күнібай Қобыланды 3. Кәріғұл Әбілмансұр Күшікбаева Жібек Эрболат Ләйлім Жетекшісі: педагог – эколог: Маймакова Айнагуль Орынбаевна |
8 |
Диплом бас жүлде
|
Мартебе республикалық ақпараттық порталында 9 мамыр Жеңіс күніне орай «Бейбіт күн Жасасын Әлемінде» балалар байқауы |
Кулишова Виктория Жетекшісі: Капишева Асель Кабдулмажитовна |
|
Диплом бас жүлде
|
Мартебе республикалық ақпараттық порталында 9 мамыр Жеңіс күніне орай «Бейбіт күн Жасасын Әлемінде» балалар байқауы |
Куанышева Айлин Жетекшісі: Капишева Асель Кабдулмажитовна |
|
ІІ Дәрежелі Лауреат |
III Халықаралық балалар мен жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған «Вокал» жанры бойынша |
«Айгөлек» квартеті Жетекшісі: Капишева Асель Кабдулмажитовна |
|
І – Дәрежелі |
«Мың бұлақ» Республикалық балалар сайты ұйымдастыруымен өткен «Бояулар Құпиясы» республикалық шығармашылық байқау |
Торебай Нурали Канатұлы Жетекшісі: Капишева Асель Кабдулмажитовна |
|
І – Дәрежелі |
«Мың бұлақ» Республикалық балалар сайты ұйымдастыруымен өткен «Бояулар Құпиясы» республикалық шығармашылық байқау |
І – Дәрежелі Саттыбай Айсұлтан Бахтиярұлы Жетекшісі: Капишева Асель Кабдулмажитовна |
|
Мадақтама
|
Ашық республикалық «Өркен» балалар бейнелеу өнері шығармашылығы байқауы «Ерекше қалалар мен елдер» «Графика» наминациясына қатысқан үшін |
Куанышева Айлини |
|
Құрмет грамотасы |
«Мыңбұлақ» Республикалық балалар сайты |
Толегенова Кенжегүл Сапаровна |
|
Диплом III орын иегері |
«Балғын шақ» қалалық байқауына |
Сабыржан Әбілмансұр |
|
II орын |
Ханталапай «Бестемше», «Арқан тарту» |
Дене шынықтыру нұсқаушысы Оразов Зарлық Канатович, Жанбекова Гүлжамал Канатовна |
|
Алғыс хат |
Халықаралық «Жер сағаты» |
Маймакова Айнагуль Орынбаевна |
|
Алғыс хат |
Облыстық «Сақтаймыз көбейтеміз» |
Маймакова Айнагуль Орынбаевна |
|
III орын |
«Салауатты өмір – салтынан – салауатты қоғамға» атты ұран бойынша 2023 – 2024 оқу жылы Көкшетау қаласы білім қызметкерлері арасында өткізілген спартакиада бағдарламасында эстафета жарысы бойынша |
«Еркемай» балабақшасы |
Балабақшада ПМПК қорытындысының анықтамасы бойынша қыркүйек айынан бастап жыл бойы жұмыстар жүргізілді. Қыркүйек айында жалпы бөбекжайдың балаларымен диагностикалау жұмысы жүргізіледі.
Құжаттармен жұмыс жасалып, жоспар құрып балабақша әкімшілігімен бекітілді. Белгіленген жоспар бойынша жас ерекшеліктеріне, тіл ақауларына байланысты жеке және топшамен балаларға коррекциялық көмек көрсетілді. Әр балаға жеке зерттеу картасымен сөйлеу карталары толтырылды. Балабақшада жылдың басында ПМПК қорытыныдысының анықтамасымен 43 бала тіркелді. Оның ішінде ЖТД 1-деңгей (ОНР) – 12 бала, ЖТД 2-деңгей (ОНР) – 12 бала, ЖТД 3-деңгей (ОНР) – 13 бала, ФТБ (ФФНР) – 4 бала, ПТД (ЗПР) – 12 бала диагнозы бойынша логопед, дефектолог, психолог мамандары жұмыс жүргізеді. Оқу жылының басында кабинетті керекті көрнекіліктермен жабдықтандырылады. Жұмыс барысында күнделікті ұйымдастырылған оқу-қызметіне қажет көрнекіліктер қоры толықтырылады.
Педагогикалық-психологиялық қызметтің жұмыс барысында топтың тәрбиешілерімен, ата-аналармен тығыз байланыста жұмыс жүргізілді. Тәрбиешілерге топшамен және жеке балалармен дамыту жұмыстарын жүргізуге апта сайын бағыт беріледі. Күнделікті қажеттілігіне қарай ата-аналармен пікір алысып, кеңес берілді. Психологиялық-педагогикалық қызметтің жұмысы арқылы 2023-2024 оқу жылында жағымды динамика көрсеткені үшін – 9 бала шығарылды.
2023-2024 оқу жылында балабақшада бір логопедтік топ жұмыс жасады. №1 «Ертегі» ортаңғы логопед тобында 12 бала ПМПК жолдамасымен қабылданып, коррекциялық түзету жұмысының нәтижесінің қорытындысы бойынша жас ерекшелігіне сай топтарында тәрбиеленіп жатыр.
Мектеп жасына дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларына мониторинг жұмысы оқу жылы барысында 3 рет жүргізілді. Оқу жылы барысында мониторинг нәтижелеріне байланысты балалармен даму картасы бойынша жекелей жұмыстар ұйымдастырылды. Сондай-ақ мектепалды даярлық топтардың тәрбиеленушілерімен топ тәрбиешілері, логопед, психолог мамандар оқу жылының соңында түлектің картасын толтырып портфолиоларына салды. Қортынды оқу жылының мониторингтарының нәтижелері келесідей көрсеткішерді көрсетті:
Жас ерекшелік топтары |
Балалар саны |
Физикалық қасиеттерді дамыту |
Коммуникативтік дағдыларды дамыту |
Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту |
Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту |
Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру |
БАРЛЫҒЫ |
|||||||||||||||
олардың ішінде жоғары деңгей |
олардың ішінде орташа деңгей |
олардың ішінде төмен деңгей |
олардың ішінде жоғары деңгей |
олардың ішінде орташа деңгей |
олардың ішінде төмен деңгей |
олардың ішінде жоғары деңгей |
олардың ішінде орташа деңгей |
олардың ішінде төмен деңгей |
олардың ішінде жоғары деңгей |
олардың ішінде орташа деңгей |
олардың ішінде төмен деңгей |
олардың ішінде жоғары деңгей |
олардың ішінде орташа деңгей |
олардың ішінде төмен деңгей |
олардың ішінде жоғары деңгей |
% |
олардың ішінде орташа деңгей |
% |
олардың ішінде төмен деңгей |
% |
||
Ортаңғы топ |
50 |
27 |
13 |
10 |
23 |
17 |
10 |
26 |
16 |
8 |
27 |
13 |
10 |
28 |
12 |
10 |
26 |
52% |
14 |
28% |
10 |
20% |
Ересек топ |
127 |
73 |
41 |
13 |
52 |
48 |
27 |
47 |
21 |
64 |
41 |
22 |
55 |
55 |
17 |
61 |
48% |
46 |
36% |
20 |
16% |
|
Мектепалды тобы |
100 |
76 |
21 |
3 |
51 |
29 |
20 |
59 |
28 |
13 |
62 |
28 |
10 |
66 |
23 |
11 |
63 |
63% |
26 |
26% |
11 |
11% |
Барлығы |
277 |
176 |
75 |
26 |
126 |
94 |
57 |
144 |
91 |
42 |
153 |
82 |
42 |
149 |
90 |
38 |
149 |
54% |
87 |
31% |
41 |
15% |
% |
100 |
64 |
27 |
9 |
45 |
34 |
21 |
52 |
33 |
15 |
55 |
30 |
15 |
54 |
32 |
14 |
|
|
|
|
|
|
Қорытынды:
Өзін-өзі бағалау қорытындысы балабақшаның тәрбиелеу мен оқыту үрдісі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкестігін көрсетті. Балабақшада заттық дамытушылық орта құрылып, балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасалған. Педагогтар кәсіби шеберліктерін арттырып курстардан өтіп тұрады. Ата-аналармен тығыз қарым-қатынас жүргізіледі, ата-аналар жиналысы, ашық есік күндері, ойын-сауық кештері. Топтар жас ерекшеліктеріне сәйкес бөлінген. Оқу жылында балалармен үш рет балалардың білім деңгейін анықтау мақсатында мониторинг жүргізіліп, қортындысы бойынша жеке даму карталары толтырылады, осы жеке даму карталары негізінде жеке балалармен түзету жұмыстары жүргізіледі.
Комиссия төрайымы:
Сағила Баймурзаевна Байкенова
Комиссия мүшелері:
Асылжан Амангельдиновна Бейсекеева
Эльмира Жолаушевна Мүсенова
Айнагуль Орынбаевна Маймакова
Асем Балтабаевна Торебаева