«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ  «ЕРКЕМАЙ» БАЛАБАҚШАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ  ҚАЗЫНАЛЫҚ   КӘСІПОРНЫ
«ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «ДЕТСКИЙ САД «ЕРКЕМАЙ»  ГОРОДА КОКШЕТАУ» ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Еркемай» балабақшасы» МКҚК сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі жөніндегі ЕРЕЖЕ

ЕРЕЖЕ

 Жалпы ережелер

1.1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс - қызметі туралы Ереже (бұдан әрі-Ереже) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленді.

1.2.Осы Ережеде мынадай мағыналардағы ұғымдар қолданылады:

- Сыбайлас жемқорлыкка қарсы комплеанс–ұйымның және оның қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл саласындағы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету жөнiндегi функциясы;

- Мүдделер қақтығысы-жауапты лауазымды атқаратын адамдардың, функцияларды орындауға асыра пайдаланылған адамдардың жеке мүдделері арасындағы қарама – қайшылык, бұл ретте аталған адамдардың жеке мүдделерi өздерiнiң лауазымдық мiндеттерін орындамауға және (немесе) тиiсiнше орындамауға әкеп соғуы мүмкін;

- Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық – бұл үшiн заңда әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауапкершілік белгіленген, сыбайлас жемқорлық белгiлерi бар құқыққа қайшы, кiнәлi түрдегi iс-әрекет (әрекет немесе әрекетсiздiк);

- Сыбайлас жемқорлық тәуекелі-сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ыкпал ететін себептер мен жағдайлардың туындау мүмкiндiгi;

- Сыбайлас жемқорлықтын алдын алуы сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-кимыл субьектiлерiнiң алдын алу шаралары жүйесін әзірлеу және енгiзу арқылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды зерделеу, анықтау, шектеу және жою жөнiндегi қызметі.

2 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметті

ұйымдастыру тәртібі

2.1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметті құру туралы шешiмдi басшы қабылдайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет туралы тиiстi актi ұйымның ресми интернет-ресурсында орналастырылады және ұйымның барлық қызметкерлерiнiң назарына жеткiзiледi.

2.2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметті жүзеге асыруға тартылған қызметкерлердiң саны ұйымның штат санына байланысты және функциялар мен міндеттердi тиiмдi орындау үшін қажетті мөлшерде айқындалады.

2.3.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтiң есептiлiгi алқылы органға немесе Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ic-қимыл туралы заңнамасы нормаларының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға уәкiлеттiк берiлген адамға жүзеге асырылады.

2.4.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметi қызметкерлерiнiң функционалдық міндеттері, құқықтары мен жауапкершілігі осы ережеде айқындалған.

2.5.Азаматтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзудың бар немесе ықтимал мүмкіндігі туралы ақпаратты хабарлай алатын не сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-кимыл жөнiндегi iс-шаралардың тиімділігін арттыру жөнiнде ұсыныстар енгiзе алатын ақпарат беру арнасы-сенім телефонын кұру көзделуде.

2.6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің қызметкері мүдделер қақтығысына (жүргізілетін іс-шара шеңберінде қаржылық, мүліктік, туыстық немесе қандай да бір мүдделіліктің болуы) әкеп соғуы мүмкін іс-шараларға (тексерулерге қызметтік тергеп-тексерулерге) қатыспауы тиіс).

2.7. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс–қызмет ұйым қызметкерлерiн жұмысқа қабылданған сәттен бастап, басқа лауазымға тағайындалған кезде, сондай-ақ бiлiктiлiгiн арттырған кезде (жылына кемiнде 1 рет) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарына жүйелi оқытуды қамтамасыз етуi қажет. Оқыту нысандарын өткiзу әдiстерi сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметтермен дербес анықталады (дәрістер, тренингтер, семинарлар).

2.8.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметке әдiстемелiк және ақпараттық қолдауды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі

уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi көрсетеді.

2.9.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүргізілген іс-шаралар бойынша есепті тоқсан сайын ұйым басшысына және жыл сайын есептi кезеңнен кейiнгi айдың 10-күніне ұйымның ресми интернет-ресурсына орналастырсын.

2.10. Ұйымдар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша өткiзілетiн iс-шаралар туралы тұрақты негiзде хабардар етіп отырсын.

 

3 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметiнiң мақсаттары,

мiндеттерi мен принциптерi

3.1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметiнiң негiзгi мақсаты –ұйым қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа

қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл бойынша iске асырылуын

мониторингтеу болып табылады.

3.2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтiң мiндеттерi:

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сыртқы

реттеушілік талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;

- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан

Республикасының Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негiзгi қағидаттарын сақтауды қамтамасыз ету;

- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, бағалау және қайта бағалау;

- заңға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар жүйесiн тиiмдi iске асыру.

3.3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплеансты жүзеге асыру кезінде мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:

- басшылықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс тиiмдiлiгiне мүдделілігі: сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметті орындау үшін

қажетті өкiлеттiктер мен ресурстардың жеткіліктілігі;

- сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiн бағалаудың тұрақтылығы;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметi қызметiнiң ақпараттық

ашықтығы;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстi жүзеге асырудың үздіксіздігі;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті жетілдіру.

4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметiнiң негiзгi

функциялары, құқықтары мен міндеттері

4.1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтiң функциялары:

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл мәселелері бойынша iшкi

құжаттарды әзірлеу;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс саласындағы стандарттар мен саясатты әзірлеу және өзектендіру;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру мәселелері бойынша түсіндіру іс-шараларын өткізу

және өткiзу;

- мүдделер қақтығысын анықтау, мониторингілеу және реттеу бойынша шаралар қабылдау;

- заңға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген қызметкерлердің сақтауы мәнiне мониторинг жүргізу;

- корпоративтік этикалық құндылықтарды дамыту;

- қызметкерлердiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сондай-ақ корпоративтік этика кодексiн сақтауын бақылау;

- сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу;

- сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне iшкi талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпаратты жария ашуды қамтамасыз ету;

- сыбайлас жемқорлық фактілері туралы өтiнiштер (шағымдар) негізінде –қызметтік тексерулер жүргізу және оларға қатысу;

- сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiн төмендету бойынша жұмысты үйлестіру;

- ұйым қызметiндегi сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнiндегi уәкiлеттi органға жардем көрсету;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы, сыбайлас жемқорлыққа байланысты iстер бойынша сот практикасындағы өзгерістерді мониторингтеу және талдау;

- ұйым жасасатын азаматтық-құқықтық шарттарға, оның iшiнде сатып алу туралы шарттарға шарт тараптарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың, іскерлік этика мен парасаттылықтың нормаларын, адал бәсекелестік қағидаттарын мiндеттi сактауын көздейтін ережелерді енгізудi қамтамасыз ету.

4.2 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтiн құкықтары мен мiндеттерi:

- ұйымның ішкі құжаттарымен регламенттелген бекітілген рәсімдер шеңберiнде ұйымнан ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметiнiң құзыретіне жататын мәселелерді ұйым басшысының қарауына шығаруға бастамашылық жасау;

- өз құзыреті шегінде мемлекеттiк бағдарламалардың, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және оларды іске асыруға қатысу;

- өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша кеңес ұйымдастыру және өткізу;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің функцияларын жүзеге асыру кезеңiнде белгiлi болған ақпараттың құпиялылығын сақтауға;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметiне жүгiнген адамдардың сыбайлас жемқорлықтың, корпоративтік Әдеп кодексiн және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметi мәселелері бойынша өзге де ішкі саясаттар мен рәсiмдердi бұзудың болжамды немесе нақты фактілері бойынша құпиялылығын қамтамасыз ету;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-кимыл саласындағы заңнаманы бұзудың

болуына немесе ықтимал мүмкiндiгiне байланысты кез келген жағдайлар туралы ұйым басшысын уақтылы хабардар етуге;

- Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де әрекеттердi жүзеге асыру.

 

 

Жаңартылған күні: 30.12.2021 10:37
Құрылған күні: 30.12.2021 10:41

Текст