2018 жылдың бірінші наурыз күні №4 «Еркемай балабақшасында «Балабақшада дарынды балаларды анықтау және олармен жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында мектепке дейінгі мекемедегі балабақша әдіскерлеріне арналған әдістемелік отырыс өтті. Семинарға қаламыздың барлық балабақшаларының әдіскерлері қатысты.
Семинардың мақсаты: Зияткерлік, шығармашылық дамытуға бағытталған мектеп жасына дейінгі дарынды балалармен жұмыстар жүргізуге жағдай
туғызу.
Міндеттері:
Дарынды балаларды жан-жақты, эмоциялық және әлеуметтік дамытуға ықпал ететін жағымды заттық - кеңістіктік дамытушы орта құру.
Дарынды балалалармен жұмыстар ұйымдастыру және жүргізу ерекшеліктерін оқып үйрену.
Мектеп жасына дейінгі балалар дарындылығын диагностикалауды жүргізу.
Дарынды балалаларға психологиялық-педагогикалық қолдау жасауға ұсыныстар.
Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық қызметкерлері мен ата-аналардың бірлескен қызметтерін үйлестіру.