«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ  «ЕРКЕМАЙ» БАЛАБАҚШАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ  ҚАЗЫНАЛЫҚ   КӘСІПОРНЫ
«ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «ДЕТСКИЙ САД «ЕРКЕМАЙ»  ГОРОДА КОКШЕТАУ» ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қыс қызығы

30.01.2017

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімдері: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Қыс қызығы»

Мақсаты:Білімділік:табиғат көріністерің сипаттау арқылы қыс мезгіліне әңгіме құрастыруға үйрету,жұмбақ шешу арқылы ойлау қабілеттерің дамыту.Қыс мезгілінің қызықтары туралы түсінік беру.

Дамытушылық:тақпақтар айттыру арқылды балалардың тілдерің дамыту.

Тәрбиелік: балаларды табиғатты аялай білуге тәрбиелеу

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,әңгімелеу, бой сергіту.

Билингвальдық компаненттер:қар-снег,аққала-снеговик,шана-сани.

Көрнекіліктер:слайд,үлестірмелі материалдар.

Шаттық шеңбер:

Таң атады арайлап.

Оянады бар аймақ.

Оянады достарым,

Мен қаламың қарайлап.

Жуынамыз,таранып

Айнаға да қаранып.

Назар салып сағатқа,

Отырамыз сабаққа.

-Балалар,бір жылда неше жыл мезгілі бар?

-Бір жылда төрт жыл мезгілі бар.

-Олай болса,жыл мезгілдерің атайықшы.

-Қыс,көктем,жаз,күз.

Жұмбақ:

«Аяз беттен өбеді,

Ай барады жылыстап.

Аспан жерге төгеді.

Ақ күмісін уыста

Бұл қай мезгіл екенің

Кім біледі,қане, тап!»....

-Бұл қыс мезгілі.

-Қыс мезгілінің айларың атайықшы.

-Желтоқсан,қантар,ақпан.

Ой бөлісу:

1.Қыс мезгілінің басқа жыл мезгілдерінең айырмашылығы неде?

2.Қыста адамдар қалай киінеді?

3.Қыс мезгілі қызықты деп неге айтамыз?

4.Қыс мезгілінде далада ойналатын ойындар:


Осы кезде есік қағылып,ішке Аққала кіреді:


-Сәлеметсің бе,Аққала.


Аққала:Сәлеметсіндер ме, балалар!Мен сендердің дауыстарынды естіп

балабақшаға келдім.

-Балалар мұнда не болып жатыр?

-Сабақ.

-Маған сендердің саббақтарына қатысуыма бола ма ?

-Әрине болады.

-Аққала біздің балалар білімді ,тәртіпті.

-Мен сендер сияқты білімді болғым келеді.

-Балалар,мен жұмбақтар жасырамын.Сендер жұмбақтың шешуің тауып,оның жылдың қай мезгіліне байланысты екенің айтындар.

1.Қолы менен қаламы жоқ,

Бірақ сурет салады көп. (Аяз)

2.Суда қалқиды,

Жылыда балқиды. (Мұз)

3.Аспаннаң ақ ұлпа борады,

Қырқаны мақтаға орады. (Қар)

4.Теріден тігілген,тек қыста киілген.(Тон)

5.Егісі біреу,бөлмесі бесеу.(Қолғап)

-Жарайсындар,балалар.Сендер

жұмбақтың жауабын дұрыс таптындар.

Бұл

жұмбақтардың шешуі жылдың қай мезгіліне

байланысты екен?(жылдың қыс мезгіліне).

-Енді

Ерасыл қыс мезгіліне байланысты

мақал-мәтелдер айтып ереді.

Қыстағы

қар-жерге ырыс,

Жердегі

ылғал-елге ырыс.

Қыстың

көзі қырау.

Қыс

азығың,жаз жина.

Ақ

қар көп болса,нан көп.

-Енді,Аққалаға

кім қыс жайында тақпақ айтып береді?

Алияна:Аязды

келіп қыс,

Алғашқы

қар ұшты

Аппақ

боп үстіміз,

Аққырау

жабысты

Әділет:Қыс

келді алақай,

Қар

жауды балақай.

Аққала

жасаймыз,

Асыр

сап ойнаймыз.

Аруна:Уақыт

көп бөлеміз.

Қыс

қызығың көреміз

Сары

аязды шақырып.

Шымыр

болар денеміз.

Вероника:Аяз

келіп қаһарлы,

Айналаны

қар қапты.

Ақ

тон киіп орман тұр,

Дәл

атамдай салмақты.

Алдияр:Жапалақтап

ала қар,

Жауды

күнде қайталап.

Қырға

шықты балалар,

Шаңғыларың

арқалап.

Сергіту

сәті:

Қыс

қызығын тойлаймыз,

Суықтаң

еш тонбаймыз.

Шаңғыменен

сырғанап

Қар

атысып ойнаймыз,

Аққалада

жасаймыз

Қарды

ойып қашаймыз,

Беті,қолды

уқалап

Қуанышқа

батамыз.

-Жарайсындар,балалар.Олай

болса бәріміз мұқият суреке назар

аударайық.

Балалар,мына

суретте жылдың қай мезгілі суреттелген?

-Ауа

райы қандай?

-Балалардың

киімдері қандай?

Балаларға

өз ойларың айтуға мүмкіндік беру.

-Суретте

Әділет пен Сауле не істеп жатыр?

Аққала

қандай?Аққала –қардаң соғылған домалақ

қыс кейіпкері.

Қыста

балалар немен сырғанайды?

Дархан,Айнур,Алдияр

немен сырғанап жүр?

-Олардың

көнілдері қандай?

-Не

үшін көнілді?

Иә,балалар

қысқы серуенді өте көңілді өткізіп

жатыр.

Ойын:«Аққаланы»тез

құрастыру.Балалар екі-екіден ортаға

шығып,аққаланы құрастырады.

-Жарайсындар,балалар

сендер аққаланы жақсы жасадындар.

Аққала:Балалар,

рахмет сендерге, мен сендердің сабақтарына

қатысып көп

білім

алдым.Сендер қыс мезгілің үнатасыдар

екен, мен өте қуаныштымың.

Қыс

мезгілі туралы көп нәрсе білесідер.Мен

қардан болғасың қыс мезгілің

жақсы

көремің.Ал енді мен кетейің ,сендерде

жылы екен, мен еріп барамың.

Хош

сау болындар балалар!

Қорытынды:

-Жарайчындар

балалар рахмет.Бүгінгі оқу-іс әрекетіне

барлығың белсенді

қатыстындар.Қонақтарымызбен

қоштасайық.

-Сау

болыңыздар!

Просмотров: 377


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст