«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ  «ЕРКЕМАЙ» БАЛАБАҚШАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ  ҚАЗЫНАЛЫҚ   КӘСІПОРНЫ
«ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «ДЕТСКИЙ САД «ЕРКЕМАЙ»  ГОРОДА КОКШЕТАУ» ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Рухани жаңғыру

18.02.2018

 Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа

бағдар: рухани жанғыру» тақырыбындағы мақаласы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық

басекеге қабілеттік» деп аталатын биылғы жолдауының заңды жалғасы іспетті.

Елбасы еңбегінде елді рухани жаңғырту мәселелерін қозғайды. Елбасы рухани

жанғырумыздың басты құндылығы ретінде басекеге қабілеттілікті ұсынады. Бүгінгі

таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелестік қабілетін арттырса

ғана табысқа жетуге мүмкіндік алатынына ұлт көшбасшысы ерекше назар аударғаны

бекер емес. Өйткені әлемдік бәсекеге қабілеттік ұлтымыздың экономикада ғана

емес, рухани әлемде де озық болуын қажет етері сөзсіз. Рухани жанғыру ұлттық

кодты сақтаумен бірге  ұлттық  бірегейлікті сақтауды да талап етеді. Елбасы

айткандай, ұлттық салт- дәстүріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жалпы

ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуы тиіс. Әрине, ұлттық құндылықтардың бәрі

жас ұрпаққа отбасынан, балабақшадан, мектептен берілетіні анық. Сондықтан ата –аналар

да, балабақша ұстаздары да ұлттық тәрбиені бірінші кезекке қойғаны абзал.

Мысалы, «Отан-оттан басталады» демекші, біздің №4 «Еркемай»

балабақшасындағы   кішкентай

бүлдіршіндеріміздің оңын-солын танығаннан бастап-ақ бойына ұлттық рухымызды

сіңіру, патриоттық тәрбие беру   

жұмыстары   алға қойылған.  Осы бағдарлама аясында ата-аналармен  «Отбасы дәстүрі» фестивалі өтті.

Балабақшамыздың екі тәрбиешісі 

«Отаным-тағдырым» атты қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен

эссе байқауына қатысып ІІІ орынға иеленді.   Көкшетау қаласының тарихи музейінің ғылыми

қызметкері Г.З. Қарақаева «Көненің көзі» тақырыбында  ересек топтарының балаларымен қазақ халқының

ұлттық заттарымен таныстырды. Алдымызда осы бағдарламаны игеруде әлі де жоспар

бойынша  көптеген  жұмыстар жүргізіледі. 

 №4 «Еркемай» балабақшасының

әдіскері  Қожанова Б.С.

Просмотров: 237


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст