Текст
21.11.2025
Біздің балабақшада балалардың денсаулығын нығайту мақсатында витаминді тамақтануға ерекше мән беріледі. Күнделікті ас мәзіріне жаңа піскен көкөністер, жемістер және табиғи шырындар енгізіліп, олардың құрамындағы дәрумендер балалардың өсуі мен дамуына қажетті пайдалы заттармен қамтамасыз етеді.
Мейірбике өнімдердің сапасын бақылап, маусымдық кезеңдерде балаларға қосымша дәрумендер беруді ата-аналармен келісім бойынша ұйымдастырады.
Витаминге бай әрі теңгерімді тамақтану балалардың иммунитетін күшейтіп, жақсы көңіл-күй мен белсенді дамуына ықпал етеді.