Текст
Ұйымдар тізімі
19.11.2025
Құрметті ата-аналар!
Біздің балабақшада балалардың денсаулығын нығайту мақсатында тұзды жолмен жүру жаттығулары өткізіліп жатыр. Тұздың үстімен жалаңаяқ жүру табанды массаж жасап, қан айналымын жақсартады, иммунитетті күшейтеді және суық тиюдің алдын алуға көмектеседі.
Балалар бұл жаттығуды ойын түрінде орындайды, сондықтан олар үшін әрі қызық, әрі пайдалы.
Біз сіздердің балаларыңыздың денсаулығына қамқорлық жасауды жалғастыра береміз.
Сау болыңыздар!