«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ  «ЕРКЕМАЙ» БАЛАБАҚШАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ  ҚАЗЫНАЛЫҚ   КӘСІПОРНЫ
«ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «ДЕТСКИЙ САД «ЕРКЕМАЙ»  ГОРОДА КОКШЕТАУ» ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепке дейінгі мекемедегі театрланған ойын іс әрекетін ұйымдастыру

07.03.2017

«Мектепке

дейінгі мекемедегі театрланған ойын

іс әрекетін ұйымдастыру».

Мектепке дейінгі жасөспірім баланы тәрбиелеу мен дамыту ісіне байланысты мақсаттарды шешуде театр ерекше рөл атқарады. Театр әр балаға қуаныш ұмтылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады. Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады екен. Сондықтан да баланың

жан-жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек. Бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш, ол

өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады. Мектеп жасына дейінгі балаларды театр іс-әрекеті арқылы әлеуметтік-бейімделген

шығармашыл жеке тұлғаны тәрбиелеу жолдарының бірі – театрланған ойын. Осыған орай 2016 жылдың қыркүйек айынан бастап №4 «Еркемай» балабақшасында

қойылған міндеттерді орындау «Мектепке дейінгі мекемедегі театрланған ойын іс әрекетін ұйымдастыру» мақсатында жоспарлы түрде жұмыстар жасалыпжатыр.

Театрландырылған ойындар желілі рөлдік ойындардан тек желісі ғана емес, сондай-ақ ойнау іс-әрекетінің сипатымен ерекшеленетіні айқындалған. Театрландырылған ойындар ойын – қойылымдары болып саналады, бұл жерде балаларға арналған көркемдікшығармаларды сахналық қойылымдарға айналдырып, оларды кейіпкер ретінде

қалыптастырудың маңызы зор. Баланы сахнада кейіпкер ретінде ойната отырып, жеке тұлғасын жан-жақты дамыту. Оның бойында әдебиетке, мәдениетке, өнерге

деген құштарлықтарын ояту. Рөлдерді ойнау арқылы балалар өз кейіпкерлерін көз алдарына елестетіп қана қоймай, оның іс-әркеттерін, сезімдерін,

мінез-құлықтарын сезінеді, әрі бүлдіршіндер сахнада сөздерді байланыстыра сөйлеуге, әдемі киініп жинақы жүруге, үлкендермен және өзге де балалармен тіл табыса білуге үйренеді. Кез –келген өмірлік мән жайда өз құрбыластарымен және үлкендермен қарым – қатынас жасай білуге, кез-келген жұмысқа шығармашылық қабілетпен қарауға, эстетикалық сезіммен ойнау арқылы мінез құлықтарын дамытады. Балалар кішігірім көріністер көрсетсе, бұған әр түрлі театр түрлерін қолдануға болады. Мысалы: фланелограф, саусақ, ойыншықтар, сақина, орамал, қарындаш, т.б.

Сәбилердің ынталарын, әр түрлі түстерді, жануарларды ажырата алуына көмектеседі. Сәбилер тобындағы балалар ертегінің мәтінін өздері қайталамау үшін, олар берілген

іс әрекетті орындайды. Рөлдерге бөліп ойнау балалардың елестету белсенділігін арттырады, өз бетімен шығармашылық ойынға дайындалуға көмектеседі. Жоғарыда айтылып отырған мәселелер бойынша тәжірибе жинақтау барысында балабақшада топтар арасында театрландырылған жұмыстары жоғары дамыған.

Тәрбиешілер:

С.Қ.Мұхамеджанова, А.Т.Шойбекова

Просмотров: 587


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст