Бейімделу
проблемалары және оларды шешу жолдары
Сіздің балаңыз бала бақшаға
барды. Бұл, бала өміріндегі маңызды оқиға,
оған оңай сынақ болып есептелмейді. Барлық балалар бір-бірінен ерекшеленеді
және бейімделу кезінде өздерін ақыл-ойы жағынан толық көрсететіні сөзсіз (жаңа
жағдайға бейімделу).
Әлде біреуі бірінші күні топқа
қолын бұлғап қуанып жүгіріп кіреді, бірақ келесі күні таңертең оны мамасынан
айырып алу мүмкін емес;
әлдебіреуі керісінше, бірінші күннен бастап баласының айғайын көрген ана
өзінің сүйікті баласын тәрбиелеушінің қолына беру тым ерте деп есептейді; ал
кейбіреуі ата-аналарынан тез айырылысып, мүлдем тыныш болып топқа кіреді және
де мұнда өздерін тұйық күйде білдіреді.
Бастапқыда ең жақсы тәрбиешісі
бар жақсы бала бақшаға барған күннің өзінде де - бұл әр балаға тосын жағдай.
Бұл көптеген себептермен түсіндіріледі: жат адамдар алдындағы жағдайда қорқынышты
сезім туғызу, қорғанбаушылық және тастап кету сезімінде құрылған елестердің
бұзылуы. Көп балалар осы уақытта жылауық, ашуланшақ, көңілсіз немесе керісінше
абыржу күйінде болады, кешке қарай ата-аналарды шатақ, айғай-шу күтеді,
балалардың тәбеті, салмағынан айырылуы, ұйқысы бұзылғаны байқалады.
Ата-аналар ескеру керек: бейімделу
кезінде осындай өзгерістер жиі болып тұрады. Балаға қалай көмектесу керек?
Бейімделу кезінде оған қажетті түрде дайындалу керек.
1. Баланы алдын-ала тәрбиешімен, топпен, балалармен таныстыр;
2. Балабақшаға қабылданған бала үшін, белгіленген тәртіпте дұрыс бағыт
көрсетіңіз.
3. Балаңызды өз еркіне үйретіңіз (киім киюге және шешінуге, өздігімен тамақ
жеуге, дәретханаға баруға).
4. Баланы қоршап жүретін адамдарға және балабақшаға ұнамды бейне жасаңыз.
5. Баланың сөйлесу өрісін кеңейтуге, коммуникативтік икемділігін арттыруға
мүмкіндік туғызыңыз.
6. Мүмкіндігінше танысу ынтасын құруға, өсіп-даму дәрежесін көтеруге,
баланызбен үйде дайындалыңыз.
Бұның бәрі тек қана жалпы мінездеме. Өкінішке орай тәжірбие кезінде, мектепке
дейінгі мекемеге, балабақшаның табалдырығын аттаған күннен бастап өздерінің
балаларын жете дайындаған ата-аналар жиі көптеген ауыртпашылықтарға және толы
қиыншылықтарға түсіп жатады.
Бала анасынан айырылмай, топқа кіргісі келмейді.
Айтарлықтай, әр ата-ана осындай жағдайларға душар болады. Бала балабақшаға
немесе топқа кірер алдында анасына, қол-аяғымен жабысып, айғайлайды және
ешқандай балабақшада қызықты уақыт өткізу әсер етпейді. Осының нәтижесінен көп
ата-ана өз балаларын тәрбиешінің қолына лажсыздан тапсырады. Ал сонан соң
баласының бейнеттенгені өзінің кінәсі деп жылап, анасы үйге немесе жұмысқа
барады. Баласының осындай қылықтарын көрген ана балабақшада оған жаман, оны
ренжітеді, назар аудармайды деп есептейді. Қорытынды жасауға асықпаңыздар! Сіз
кеткеннен кейін балаңыз қалай жүретінін алдын-ала тәрбиешіден сұраңыз. Анасы
жоқ кезінде жекелеген түрі ғана тоқтамастан жылайды, ал көбі көбінесе өздерінің
қылықтарына тез алданып қалады.
Соншама ауыр қоштасудың себебі неде? Бұл қорқыныштан болуы мүмкін (бөтен
адамдар, таныс емес жағдайда, ананың оралмауы, тұрмыстық қиыншылықтарды
жеңгенде және басқалары); балалармен қарым-қатынастағы проблемалар (төбелеседі,
ойыншықтарын тартып алады); анасының үйге оралу мақсатына қол жеткізуі де болуы
мүмкін. Осындай қылықтардың артында баланың жағдайы емес, керісінше
ересектердің, нақты айтқанда ананың проблемалары тұр. Cізге оңай ма балаңыздан
ажырап қалу? Сіздің балаңыз бейтаныс адаммен қалған кезде сіз қорқынышты
сезінесіз бе? Осы күй балаға таратылатынын жобалау қиын емес. Сол себепті
біріншіден өз-өзіңізді жұбатып, ретке келуіңіз қажет. Уақытша ажырасуды
жеңілдету үшін ата-аналар не істеу керек?
1 .Қызықты, көңілді қоштасу рәсімін ойлап табыңыз.
2. Көбінесе балалар өздерін біржола беріп жатыр деп қорқады, сондықтан олардың
ойына, анасынан ажырасу еріксіз және уақытша деп түсіндіру керек. Осыған орай
келесі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады:
- үйде ойыншықтар мен балабақша ойнап, ананың жұмыстан барып және қайту
жағдайын міндетті түрде ойнатыңыз.
- Мынау жалғыз үйдін кілті деп балаға беріп қойып, бұл кілтсіз үйге кіре
алмаймыз, сондықтан ең басты адамды балабақшадан алып кетпей деп көруге болады.
3. Ата-аналары оны ешуақытта кем сүймейтінін баланың ойына құю керек. Сәби қай
жаста және қандай өмірлік кезеңде болмасын өзінің керектігін, ата-анаға деген
сүйіспеншілігін және жаны жақындығын мұқтаж ететінін сезінеді.
4. Бірлескен спорттық жарыс ойындарды баламен бірге өткізіңіз, ондай жарыстар
ата-ана-бала қатынасын нығайту үшін ғана емес және де бойдағы жігер күшті
шешуге пайдалы.
5. «Үй бөлшегі»- кітаптар, ойыншықтар түрлері немесе анасының киімі балаға,
өз-өзін қауіпсіз деп сезінуге көмектеседі.
Міндетті түрде, балабақшадағы бірінші бейімделу кезеңі барлық ата-аналарға
көптеген қиыншылықтар мен ауыртпашылықтар әкеледі. Ойдағыдай өтуге және жаңа
жағдайға үйрену процесінің тез аяқталуына балабақшада сіздерден аз көңіл
бөлмейтін адамдар бар екенің ұмытпаңыздар, олар сіздердің балаларыңыздың
тәрбиешілері. Ең бастысы, олардың сіздердің көңілдеріңізден шығуы. Ең қымбат
адамыңызды тапсыру қиын, егер де ол адам сіздің көңіліңізден шықпаса. Егер де
анасы сын көзбен ниеттелген болса, онда баласы да тәрбиешіге сенбеушілікпен
қарайды.Сондықтан, бірінші ақыл-кеңес балаларыңыздың алдында тәрбиеші жайында
жақсы сөздер айтуға тырысыңыздар.
Мысалы: «Қарашы, апай қандай көңілді, ол адаммен қалай қызықты!», «апай қандай
мейірімді, әрқашан көмектеседі, жақсылық тілейді» деп балаға айтыңыздар.
Ең бастысы бірінші күннен бастап балаңызға сіздің орыныңызды белгіленген
уақытқа дейін уақытша басатын адаммен қарым-қатынаста және оған дұрыс жол
табыңыз. Есіңізде сақтаңыздар, біз барлығымыз кей уақытта қателіктер жасаймыз,
ренжиміз, уайымдаймыз, шаршаймыз және тағы басқа. Көп сынап және қатты талап
етпеңіздер.
Балаңыз балабақшада жүрген кезінде өзін жайлы сезіну үшін мектепке дейінгі
мекеме қызметкерлеріне балаңыздың қылықтарын жиі айтып тұруға тырысыңыздар.
Балаларыңыз балабақшада өзін-өзі қалай ұстайды, қандай жаңалықтар, не айтты,
кіммен ойнады және тағы басқа жағдайларға назар аударыңыздар.
Балабақшадағы бейімделу кезіндегі барлық қиындықтар уақытша екенін
ұмытпаңыздар. Белгіленген біраз уақыт өткеннен кейін сіз өзіңіз де таң қаласыз,
кеше ғана балаңыз топтан бар дауысын салып жылап кетсе, ал бүгін сізбен қоштасарда
қолын бұлғап, тезірек кіріп, балалармен, ойыншықтармен ойнауға асығады.